Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 07:44-те тіркелген.

Қытайда болған жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда да сезілді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС мәліметінше, жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 07:44-те тіркелген.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 347 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Біздің еліміздің аумағында ғимараттардың қирағаны туралы ақпарат болған жоқ», — делінген хабарламада.